Қоғам
Тоқаев әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшыларды құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:29
- 29

Президент әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық спортшыларды құттықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық спортшыларды құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
"Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды.
Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын", - деп жазды президент Instagram парақшасында.
Бокстан Қазақстан құрамасы Ұлыбританиядағы әлем біріншілігін жеті алтын, бір күміс және екі қола медальмен аяқтады.
Келесі мақала
Астанада бірнеше ұйым жаңа жұмыс кестесіне көшті
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Шерзат Полаттың жылдық асы: Талғарда бір көшеге марқұмның аты берілуі мүмкін
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қыркүйек, 2025