Басты жаңалықтар
Алматыда Lexus көлігі бес жасар баланы қағып, үстінен басып өлтірген
- автор kyn.kz
- 17 шілде, 2018
- 276
Алматыда Lexus RX 330 көлігі тұрғын үйлердің бірінің ауласында бес жасар баланы қағып кеткен. Ауыр жарақатының салдарынан бүлдіршін сол мезетте қайтыс болды
Қайғылы оқиға "Ақкент" шағынауданында орын алған.
Куәгерлердің айтуынша, Lexus жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан балақайды қағып кетіп, кейін басып өтіпті. Зардап шеккен бала оқиға орнында қаза тапқан.
Көлік иесі тоқтағысы келгенімен, сәбиді кеш байқап, үлгермей қалған көрінеді.
Айта кетерлігі, бұл бір күнде болған екінші қайғылы жағдай.
Келесі мақала