Басты жаңалықтар
Этнофестивальде бүркіт 10 жасар қызға шабуыл жасады
- автор kyn.kz
- 17 шілде, 2018
- 470
Аңшы құстарды қоя бергенде, алаңға он жасар қыз жүгіріп шығыпты. Бүркіт баланың басына тырнағын батырып алған.
Бастапқы деректер бойынша, құсты қоя бергенде, кішкентай қыз алаңға жүгіріп шыққан.
Бұл туралы Sputnik Қырғызстан.
Оқиға "Тескей жээк" этнофестивальінде болған.
Абырой болғанда, қыз бала ауыр зардап шекпепті – жыртқыш құстың тырнағы басы мен арқасының терісін сыдырып кеткен. Қазір үйінде, жағдайы жақсы.
Бүркіттің иесі айтқандай, бұрын соңды қанатты "шәкірттері" мұндай жайтқа тап болмаған көрінеді. Қыз балаға тап берген бүркіттің аты Чагылан, 15 жаста. Бүркітшінің сөзіне сүйенсек, аңшы құс қызға шабуыл жасағысы келмеген, әйтпесе, тырнағын батырып жібермес еді.
Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, фестивальді өткізген 15 жыл ішінде мұндай оқиға бірінші рет болып отыр.