Алматы тұрғындары сасық иіске шағымданды: қалалық ТЖД түсініктеме берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:04
- 1

Алматы тұрғындары күйіктің иісіне қатысты шағымдануда. ТЖД өкілдерінің мәлімдеуінше, жағымсыз иіс Алматы облысындағы қоқыс полигонында болған өрт салдарынан пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тұрғындар сасық иіс Алатау, Бостандық аудандарында сезілетінін айтады. Ведомство мәліметінше, түтін полигонда шыққан өрттен тарап отыр.
«Алматы облысында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртке байланысты қалада аздап түтін байқалады. Оқиға орнында ТЖМ-ның және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр: Алматы облысы және Алматы қаласы ТЖД, Ұзынағаштағы 28237 әскери бөлімі, Қазселденқорғау, Алматы қаласы ТЖМ құтқару қызметі, полиция және жергілікті атқарушы органдардан 150 адам және 70-тен астам техника жұмылдырылды», – деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД.
Оқиға орнына қосымша өрт сөндіру сорғы станциялары, апаттық-құтқару көліктері, бульдозерлер, тралдар және басқа да арнайы техника жіберілген.
«Өрттің жақын маңдағы аумақтарға тарау қаупі жоқ», – деді ведомство.
Айта кетейік, кеше таңертең Алматы облысында қоқыс полигоны өртенген еді. Өрт салдарынан облыстағы республикалық тасжол уақытша жабылып қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жеңіл көліктегі ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2025