«Үсік жүріп, тұман түседі»: қыркүйек айының соңында Қазақстанда күн суытады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 07:45
- 15

Синоптиктер 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Көптеген өңірлерде ауыспалы бұлттылық күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, жекелеген аумақтарда жел күшейеді. Елдің батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз болады.
Астана – ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр, күндіз найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Түнде температура +7…+9, күндіз +14…+16.
Алматы – ауыспалы бұлттылық, түнде жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +11…+13, күндіз +18…+20.
Шымкент – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Түнде +10…+12, күндіз +21…+23.
Ақтөбе – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 6–11 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +20…+22.
Ақтау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Түнде +10…+12, күндіз +22…+24.
Атырау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде +9…+11, күндіз +23…+25.
Жезқазған – ауыспалы бұлттылық, жаңбыр, күндіз найзағай болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +13…+15.
Қарағанды – ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +14…+16.
Көкшетау – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +17…+19.
Қонаев – ауыспалы бұлттылық, түнде жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, кейде екпіні 15–20 м/с. Түнде +11…+13, күндіз +19…+21.
Қостанай – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9–14 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +17…+19.
Қызылорда – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 5–10 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +18…+20.
Павлодар – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +19…+21.
Петропавл – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +17…+19.
Семей – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 5–10 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +20…+22.
Тараз – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +20…+22.
Талдықорған – ауыспалы бұлттылық, аздаған жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 6–11 м/с. Түнде +10…+12, күндіз +21…+23.
Түркістан – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Түнде +10…+12, күндіз +21…+23.
Орал – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 3–8 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +20…+22.
Өскемен – ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр, күндіз найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан: түнде 2–7 м/с, күндіз 7–12 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +21…+23.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, қыркүйек айы Салехард маңынан келген суық ауа массаларының ықпалымен қысқа мерзімді салқындаудан басталады.
Оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр және ылғалды қар күтіледі. Елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болжанады: жауын-шашын, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде алғашқы үсік жүріп, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Республиканың оңтүстік-батысында ауа температурасының қатты ыстыққа дейін көтерілуі болжануда.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жеңіл көліктегі ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2025