Алматыда бұрынғы әйелін балаларының көзінше ұрып-соққан ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:48
- 45

Алматыда ер адам кішкентай балалардың көзінше бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы видеосы желіде пайда болды. Бейнежазбадағы кадрда әйелдің бет-аузы қан-жоса екені көрінеді. Қасында екі баласы отырғаны көрінеді.
Әйелдің айтуынша, оқиға 28 тамызда болған. Күйеуі екеуі үш жыл бұрын ажырасып кеткен. Соққыдан кейін ол ауыр жарақат алған, жақ сүйегін қалпына келтіру үшін бірнеше операция жасалған және ұзақ уақыт ауруханада болған.
Зардап шегуші кінәлі адамды жауапқа тартып, заңның қатаң талаптарына сәйкес жазалауды сұрады.
Полиция департаменті бұған дейін ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.
17 қыркүйекте Алматы полициясы күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
"Барлық материал объективті түрде қаралады, ал тергеу аяқталған соң қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылданады", – деп қорытындылады ведомство.