Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жатыр мен қуық бірігіп кеткен»: кесір тілігімен босанған әйел дәрігерлердің салғырттығынан мүгедекке айналған

«Жатыр мен қуық бірігіп кеткен»: кесір тілігімен босанған әйел дәрігерлердің салғырттығынан мүгедекке айналған
Сурет: видеодан скриншот
Ақтөбеде кесір тілігі арқылы егіз босанған әйел көпшіліктен көмек сұрады.

Кесір тілігі арқылы егіз босанған ақтөбелеік әйел дәрігерлердің салғырттығынан мүгедекке айналғанын айтады, деп жазады KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Альбина Итеғұлова 18 тамызда егіз қызын босанған.

«Мен теміржол жақтағы ауруханаға барғым келді. Себебі ол жақта кәсіби білікті мамандар жұмыс істейтінін білетін едім. Алайда хаттама бойынша ол жақ мені қабылдамайтын еді. Сол үшін де перинаталды орталыққа бардым. Орталықта маған ота жасайтынын айтты. Бұған дейін екі рет босанғамын. Кесір тілігі кезінде қуығыма зақым келіп, мүгедекке айналдым», - дейді ол.

Әйелдің айтуынша, кесір тілігі дұрыс жасалмаған. Сол себептен де қуығына зақым келген.

«Қазір қуықтың пакетімен жүрмін. Жатыр мен қуық бірігіп кеткен. Ал босанған соң етеккір келетіндіктен, қан қуық арқылы келеді. Қалай ауыратынын айтып жеткізе алмаймын. Менің өлгім келеді. Қазір ағзам ауырсынбайтын дәрілерді қабылдамай қойды. Себебі оларға аллергиям пайда болды», - дейді ол.

Альбина денсаулығына зақым келтірген дәрігерлермен күресуге ниеті жоқ екенін айтады. Қуығын қалпына келтіру үшін Оңтүстік Кореялық дәрігерлерге жүгінбек. Әйел қазақстандықтардан көмек сұрады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар