Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алаяқтар оқушыларға «мұғалім» болып хабарласа бастады

Алаяқтар оқушыларға «мұғалім» болып хабарласа бастады
Сурет: .iphones.ru
Мектеп оқушыларына алаяқтың жаңа тәсілі пайда болды.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларына қатысты алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Жаңа оқу жылы басталғалы бері алаяқтар балаларға қоңырау шалып, өзін мұғаліммін деп таныстырып жатыр. "Электрон күнделікті жаңарту" деген сылтаумен олар SMS арқылы келген бір реттік құпия кодты сұрайды. Бала оны ата-анасына немесе мектебіне көмектесіп жатырмын деп ойлауы мүмкін. Іс жүзінде алаяқтар осы кодты пайдаланып, "Электрон үкімет" жүйесіне, онлайн банкингке немесе туыстарының банк шоттарына қол жеткізеді", - деп жазылған хабарламада.

Баламен әңгімелескенде ерекше мән беретін жайттар:

  • қандай жағдайда да SMS арқылы келген кодты ешкімге бермеу;
  • қоңырау шалған адам өзін мұғалім немесе мектеп қызметкерімін десе де, бірден ата-анасына хабарласу;
  • күдікті сілтемелерге өтпеу, бейтаныс қосымшаларды жүктемеу.

"Күдікті әрекеттер байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе 111 байланыс орталығына хабарласуға болады", - деді министрлік өкілдері.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар