Ардақ Назаров қайда білім алған?: депутатқа қатысты тағы да шу шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:12
- 34

Депутат Ардақ Назаровтың біліміне қатысты журналист Гүлбану Әбенова желідегі Facebook-парақшасына жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Назаровтың Қазақ көлік және коммуникациялар университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітіргені жазылғанымен, бірақ нақты оқу жылы көрсетілмеген. Осыған орай журналист бұрынғы курстастарынан пікір күтетінін мәлімдеді.
Ардақ Назаров 2011 жылы, 31 жасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Бұдан басқа Парламент сайтындағы мәліметке сәйкес, Назаров 2014 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған.
«Кеше ғана Назаров жайлы жазбамды 17,6 мың адам көрді. Менің өтінішім: осы аталған үш университеттің бірінде Назаровпен бірге оқығандар болса, пікір жазыңыздар», – деді Әбенова.
Журналисттің жазуынша, Уикипедиядағы Ардақ Назаровтың өмірбаянындағы білім туралы мәлімет бүгін жойылып кеткен. Ол ақпарат кеше ғана бар болған көрінеді.
Қазір онлайн энциклопедиядағы деректер бірден спорттық жетістіктерінен басталады.