«Алғаш рет Iphone ұстап тұр»: Ерке Есмахан бала күтушілеріне қымбат сыйлық сыйлады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:25
- 72

Танымал әнші Ерке Есмахан бала күтушілеріне қымбат сыйлық берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші көмекшілерінің туған күндерімен құттықтады.
“Бүгін Исламоктың бала күтушісінің туған күні. Гүл мен сыйлық алдық. Сосын екеуін бөлмейік деп, Батырдың да күтушісіне гүл мен сыйлық алдық. Екеуіне Cartier-ден бұрын жаңа телефон керек екенін білемін. Сол үшін тосынсый жасадым. Iphone 16-ны көріп, екеуі жылап қалды. Алғаш рет Iphone ұстап тұр. Екеуін жақсы көремін. Ақкөңіл, адал және қанағатшыл адамдар”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары бұған қатысты түрлі пікір қалдырды. Бірі әншінің жомарттығын айтса, енді кейбірі Ерке сияқты ақшасы болса, солай істейтінін айтуда.
“Ақшам көп болса мен де бала күтушісін жалдар едім”, “Ерке мен Райм ең керемет жандар”, “Ерке тағы бала туып жатса, айтыңдаршы”, “Өте керемет жомарт жан” деп жазды көпшілік.