
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорда ресми Telegram арнасында жария еткен мәліметке сәйкес, мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
"Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.
Қазақстан президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, 23 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-мерейтойлық сессиясының жалпы дебатының ашылу шарасына қатысатыны хабарланды.