Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қала күні мерекесіне орай Семейде түрлі мәдени, спорттық өнер шаралары өтті

Қала күні мерекесіне орай Семейде түрлі мәдени, спорттық өнер шаралары өтті
egov.kz
Онда қарапайым халыққа қажеттінің барлығы қамтылған. Жәрмеңке, спорттық жарыстар, концерт, балалар өнері көпшіліктің көңілін көтерді.

Семейде “Баршаға арналған спорт” жобасы аясында қала күніне арналған жеңіл атлетикалық эстафета өтті.

2025 жылдың 20 қыркүйек күні Қарағайлы ықшам ауданында “Баршаға арналған спорт” жобасы аясында қала күніне арнаған жеңіл атлетикалық эстафета жарысы өтті.


Эстафетаға қала мектептерінің оқушылары және жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінен құралған 12 команда қатысты. Жарыс 1 шақырым қашықтыққа созылған командалық эстафета түрінде өткізілді. Жалпы командалық орынға:
🥇 - “№12 ЖОББМ” КММ
🥈 -“Озерка ЖОББМ” КММ
🥉 - “№9 ЖОББМ” КММ

Жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері арасында:
🥇 - “Шәкәрім Қ. атындағы университеті”
🥈 - “М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі” иеленді.

Жеңіске жеткен командалар Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медальдарымен және арнайы сыйлықпен марапатталды.

Арбатта жергілікті тауар өндірушілер көрмесі өтті:

 

Қала күні мерекесіне орай Семейдің Арбат алаңында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды. Оған қаламыздың танымал кондитерлік кәсіпорындары қатысып, өз өнімдерін тұрғындар мен қонақтарға ұсынды.

Көрмеде «Куликов» кулинарлық үйі, «Almira_tatti», «Сладкая жизнь», «Тәп тәтті Семей» кондитерлік орындары, «Nango» сауда маркасы, «Аристократ» кондитерлік үйі, «BULATOV DESSERT HOUSE» және «Sweet Paradice» өз өнімдерін таныстырды. Келушілер тәтті тағамдардан дәм татып, өнім сатып алып, шеберлермен тілдесуге мүмкіндік алды.

Көрменің басты тосын сыйы – қала күніне арнайы дайындалған мерекелік торт болды. Әсем де сәнді торт мерекелік көңіл-күйді айшықтап, кесілген соң барша қала тұрғындары мен қонақтарына таратылды.

Және кәсіпкерлерге қала әкімінің алғыс хаты табысталды.

«Туған қалам – Семейім»: қала күніне арналған ұмытылмас концерт:

 

Қала күніне орай Орталық алаңда ерекше мерекелік атмосфера орнады. Ашық аспан астында өткен «Туған қалам – Семейім» атты салтанатты концертке мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, қуанышты сәттерді бірге бөлісті.

Кеш жүргізушілері – Дәулет Бижанов пен Қырмызы Жандос көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекенің шырайын кіргізді.

Сахна төрінде еліміздің эстрада жұлдыздары – Ғазизхан Шекербеков, Melomen тобы, KeshYOU тобы, Ермек Меденов, Daro және Нұрмұхаммед Жақып өнер көрсетіп, әсем әндерімен 40 мыңға жуық көрерменге шаттық сыйлады.

Музыка, би, өнердің әсем үйлесімі қала күні мерекесінің сәнін келтірді. Әншілердің әрбір орындауы көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, алаңда ерекше бірліктің рухы сезілді.

Концертпен қатар қала тұрғындары үшін спорттық жарыстар, әлеуметтік бастамалар мен кәсіпкерлік көрмелер ұйымдастырылып, Семейдің дамуы мен бірлігін паш етті.

Бұл кеш – Семейдің рухы, тарихы мен болашағына деген зор құрметтің жарқын айғағы болды.

Қала күніне арналып “Жұлдыздар футболы” атты футболдан қалалық турнирі өтті:

Қала күніне арналып “Жұлдыздар футболы” атты футболдан қалалық турнирі өтті. Турнирға Ертіс, Абай Эвенд, ГДК, Милан, Жайдарман атты 5 команда қатысып:
🥇- ГДК
🥈- Жайдарман
🥉- Әскери оркестр командалары жүлделі орынға ие болды.

Жарыс жеңімпаздары Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары, медальдарымен марапатталды.

“Баршаға арналған спорт” жобасы аясында қала күніне арналған жеңіл атлетикалық эстафета өтті:

 

2025 жылдың 20 қыркүйек күні Қарағайлы ықшам ауданында “Баршаға арналған спорт” жобасы аясында қала күніне арнаған жеңіл атлетикалық эстафета жарысы өтті.
Эстафетаға қала мектептерінің оқушылары және жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінен құралған 12 команда қатысты. Жарыс 1 шақырым қашықтыққа созылған командалық эстафета түрінде өткізілді. Жалпы командалық орынға:
🥇 - “№12 ЖОББМ” КММ
🥈 -“Озерка ЖОББМ” КММ
🥉 - “№9 ЖОББМ” КММ

Жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері арасында:
🥇 - “Шәкәрім Қ. атындағы университеті”
🥈 - “М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі” иеленді.

Жеңіске жеткен командалар Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медальдарымен және арнайы сыйлықпен марапатталды.

Дәм мен дәстүр: Семейде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті:

 

«Қала күні» мерекесін атап өту шеңберінде 20 қыркүйекте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеде тұтынушыларға нарық бағасынан 10–15 пайызға төмендетілген бағамен ет, сүт және сүт өнімдері, шұжық, қымыз, балық, бал, қауын, қарбыз және көкөніс ұсынылды.

Іс-шара барысында «Қымыз Fest», «Қауын Fest», «Баурсақ Pati» сайыстары ұйымдастырылып, қатысушы субъектілер өз өнімдерін ұсынып, саудалады.

Семейде 3х3 баскетболдан қалалық чемпионат басталды:

 

Қала күніне орай Семейде 3х3 баскетболдан қалалық чемпионаттың жалауы көтерілді. Жарысқа 12, 14 және 16 жас аралығындағы спортшылар үш жас санатында қатысып, өзара мықтыларды анықтауда.

Чемпионатқа қала мектептері мен спорт клубтарынан ондаған команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс барысында жас спортшылардың шеберлігі, жылдамдығы мен тактикалық ойыны ерекше көзге түсті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы медальдары мен грамоталарымен, сондай-ақ демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталатын болады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар