Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда 23-24 қыркүйек күндері нөсер жаңбыр жауады

Алматыда 23-24 қыркүйек күндері нөсер жаңбыр жауады
Сурет: eurasia.travel/ru
Алматы нөсер жаңбырға байланысты қалада ескерту жарияланды.

Алматыда 23 қыркүйектен бастап 24 қыркүйектің таңына дейін нөсер жаңбыр жауады. Осыған байланысты барлық коммуналдық және жедел қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, жаңбыр 23 қыркүйек күні таңғы сағат 05:00-ден кейін басталып, 24 қыркүйекке дейін жалғасады. Кей жерлерде жауын-шашын мөлшері 20 миллиметрге дейін жетуі мүмкін.

«Қала аумағында ықтимал су басу жағдайларының алдын алу және оларды жедел жою мақсатында коммуналдық және жедел қызметтердің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды», – деп мәлімдеді Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы.

Жұмысқа «Алматы тазалық» МКК мен мердігерлік ұйымдардың 123 арнайы техникасы, 74 мотопомпа және 20 ассенизатор көлігі тартылған, оның 13-і ықтимал су басу аймақтарында кезекшілік етеді. Оқиға орындарында 75 жедел бригада (425 жол жұмысшысы) мотопомпалармен және қажетті құралдармен қызмет атқарып жатыр.

Сонымен қатар Алматы қалалық Құтқару қызметі тәуліктік кезекшілік жүргізуде. Олардың қарауында бір ассенизатор көлігі мен 15 мотопомпа бар. Алматы ТЖД тарапынан 53 арнайы техника және 246 қызметкер дайын тұр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар