24 қыркүйекте Перизат Қайрат пен анасына қатысты апелляциялық сот отырысы өтеді.
Қайырымдылыққа жиналған миллиардтарды жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның апелляциялық шағымы бойынша іс қаралады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ертең, 24 қыркүйекте апелляциялық сот отырысы өтеді.
«2025 жылдың 24 қыркүйегінде апелляциялық инстанцияда Перизат Қайраттың адвокаты мен оның анасы Ғайни Алашбаеваның апелляциялық шағымы бойынша іс қаралады», - делінген сот хабарламасында.
Айта кетсек, өткен жылғы тасқын кезінде халықтың көмегіне жиналған қаражатты мақсатсыз пайдаланған Перизат Қайратқа сот 10 жыл, анасына 7 жыл бас бостандығынан айырылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Үндістанда қазақстандық бапкер велоспортшы қызды зорлады деген күдікке ілінді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2026
Қоғам
Маңғыстау облысында қаза тапқан аға лейтенанттың денесі Түркістанға жеткізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2026




