Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Полицияға барсаң, видеоны блогерлерге беремін”: ақтаулық косметолог өзін ер адамның зорлағанын айтты

“Полицияға барсаң, видеоны блогерлерге беремін”: ақтаулық косметолог өзін ер адамның зорлағанын айтты
Сурет: legal.report
Ақтауда ер адам қызды зорлап, оны видеоға түсіріп алған.

Ақтаулық косметолог Сарвиноз Фазылова өзінің зорланғанын және оны бопсалағанын  жария етті, деп хабаралайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Рамазан есімді ер адам оны бірнеше сағат бойы қорлап, әрекетін бейнежазбаға түсірген.

Фазылова  дәрілердің әсерінен әлсіреп, қарсылық көрсетуге қауқарсыз күйде болған.

“Рамазан мені күштеп шешіндірді. Содан тізерлетіп видеоға түсірді. Ол бұрынғы жігітімнен кешірім сұрауды талап етті. Мен жалаңаш күйімде тізерлеп тұрып, кешірім сұрадым. Ол шамамен төрт сағат бойы қинады. Аяғымдағы жарақаттардан қалған тыртықтар әлі күнге дейін бар. Соңында зорлап, "Егер, полицияға барсаң, видеоны блогерлерге беремін" деп қорқытты”, – дейді ол.

Ол полицияға арызданғаннан кейін әлеуметтік желілерде түрлі блогерлер оның жеке суреттерін жариялай бастаған. Оны "жезөкше" деп атаған.

Қазіргі таңда бұл іс қайта тергеліп жатыр. Фазылованың өзіне қатысты да бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Тергеу органдары оған “жала жабу” және “қасақана жалған арыз беру” баптары бойынша айып таққан.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар