Ауыл шаруашылығы министрі еттің қымбаттай түсетінін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:26
- 105

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанда ет бұдан ары қымбаттамайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналист министрден ет бағасының өсуіне байланысты сұрақ қойды.
«17 пайызға көбейді. 7,9 миллион бас болса, қазір 8,7 миллионға жетті. Ал енді өзіндік құны туралы айтар болсақ, бұрын малды тірідей өлшемге алсақ, 1200-ден 1300-ге дейін баратын. Қазір 1700, 1800-ге дейін өсті. Себебі тариф, су бар, шөп дайындау жұмыстары бар, сондықтан 200 теңгеге өсті», – дейді министр.
Сапаров ет бағасын фермерлер орташа бағамен өткізіп жатқанын және оның ары қарай қалай сатылатынына байланысты екенін айтты.
«Жоғары сұрып, орташа сұрып бар. Сондықтан баға 500 теңгеге дейін өскен болуы мүмкін. Бірақ әрі қарай өсу болмайды. Бүгінде фермерлер орташа баға 3200-3500 теңге аралығында деп өткізіп жатыр. Әрі қарай сатуға байланысты», – дейді Сапаров.