Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сахнаға жүгірген халық бір-бірін таптады: Үндістанда актер ұйымдастырған митинг кезінде 39 адам қаза тапты

Сахнаға жүгірген халық бір-бірін таптады: Үндістанда актер ұйымдастырған митинг кезінде 39 адам қаза тапты
Сурет: dzen.ru
Үндістанда митинг ұйымдастырған актерді көрмек болған халық бір-бірін таптап, естерінен танды.

Үндістанда белгілі актер Виджай ұйымдастырған митигінде 39 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алған. Жиналған көпшіліктің ішінде адамдар бір-бірін таптап кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 27 қыркүйек күні кешке Үндістанның Тамилнад штатында орын алған. Тамилнад штатының денсаулық сақтау министрі Ма Субраманианның айтуынша, көз жұмғандардың арасында сегіз бала бар.

Куәгерлердің айтуынша, адамдар сахнаға қарай жүгірген. Сол жерде кейбірі аяқтың астында қалып, енді бірі есінен танып қалған.

Билік қаза тапқандардың отбасына 1 миллион рупий (шамамен 11 мың АҚШ доллары) көлемінде өтемақы төлейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, оқиғаның мән-жайы анықталады.

Айта кетсек, Тамиль киносының танымал актері Виджай өзінің 2024 жылы құрылған Tamilaga Vettri Kazhagam партиясының жиналыстарына мыңдаған адамды тартып жүр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар