Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ақботаға ұқсайтын қыз алыпты»: Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді

«Ақботаға ұқсайтын қыз алыпты»: Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді
Сурет: Instagram/daurenaidarkulov
Дәурен Айдарқұлов тағы да отбасын құрды.

Белгілі актер, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол қуанышты жаңалықты жеке парақшасында жариялады. 

“Мен үйлендім. Аллаға шүкір", – деп жазды ол. 

Актердің бұрынғы әйелі, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова екі жасқа бақыт тіледі. 

“Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын", деп жазды актриса. 

Желі қолданушылары өнер иесі құттықтап, бақыт тіледі.

“Бақытты болыңдар”, “Осының үйленуі де, ажырасуы да тез”, “Ақботамен күшті жарасатын еді”, “Бірінші әйелінен де, екінші әйелінен де балалары бар, әйелге тоймайды екен”, “Мәһрге айфон сұраған шығар”, “Ақботаға ұқсайтын қыз алыпты” деп жазды олар.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар