«Қар аралас жаңбыр»: қазан айының алғашқы күніне арналған ауа райы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 07:19
- 62

«Қазгидромет» РМК қазан айының алғашқы күніне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде күн суытады. Петропавлда күндіз жаңбыр қарға ұласып, жел күшейеді, ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз +5…+7°С. Қостанайда күндіз жаңбыр жауады, +8…+10°С, ал түнде -1…-3°С. Көкшетауда да аздаған қар аралас жаңбыр күтіледі. Павлодарда жауын-шашынсыз, ауа +5…+7°С шамасында. Астанада күн ашық, бірақ түнде суық -4…-6°С, күндіз +6…+8°С болады.
Орталықта – Қарағандыда түнде жаңбыр қарға ауысады, күндіз +5…+7°С. Жезқазғанда жауын-шашынсыз, ауа +9…+11°С дейін жылынады.
Шығыста – Өскеменде жаңбыр жауады, +5…+7°С, Семейде бұлтты, бірақ жауынсыз болады.
Батыс өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады. Оралда жауын-шашынсыз, күндіз +13…+15°С, Атырауда ашық күн, +14…+16°С. Ақтөбеде бұлтты, жел күшейіп, ауа температурасы +12…+14°С болады. Ақтауда түнде жаңбыр жауып, жел екпіні артады, күндіз +16…+18°С болады.
Оңтүстікте күн құбылмалы болады. Таразда жаңбыр күшейіп, тұман түседі, температура +8…+10°С. Шымкентте күндіз жаңбыр мен найзағай болып, +14…+16°С жылы. Түркістанда жауын-шашынсыз, бірақ жел күшейеді. Қызылордада жауын-шашынсыз, күндіз +12…+14°С күтіледі.
Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты болады.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы мамандандырылған музыка мектеп-интернаттарына жаңа автобустар берілді
- авторkyn.kz
- 30 қыркүйек, 2025
Қазақстанда қай облыстың тұрғындары ұзақ өмір сүретіні белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 қыркүйек, 2025