Спорт
"Қайрат" – "Реал" ойынына билет алып-сату: Ішкі істер вице-министрі түсінік берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:53
- 1

Ішкі істер вице-министрі "Қайрат" – "Реал" матчының билеттерін алып-сатқандарға қатысты айтты.
Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов "Қайрат" – "Реал" матчының билеттерін алып-сатуға қатысты шағымдарға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналистер мәжіліс кулуарында белгілі әншілер Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдары матчтың 50 билетін қымбат бағаға сатқаны туралы сұрақ қойды.
"Мен бұл ақпаратты сізден жаңа ғана біліп тұрмын. Біз тексеру жүргізуге дайынбыз, бірақ ол үшін шағым түсуі керек, біз міндетті түрде тексеру жүргізіп, процессуалдық шешім қабылдаймыз", - деді ол.