Қоғам
«Мұндай әйел іздеп келген жоқпын»: Павел Дуров Қазақстанға не себепті келгенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:20
- 34

Павел Дуров Астананың төрінде қалжыңдады.
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Астанадағы Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумына қатысты. Ол Қазақстанға әйел іздеп емес, жасанды интеллект туралы сөйлесу үшін келгенін айтып әзілдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол форумда өзінің Қазақстанға не себепті келгенін айтты.
«Мен сүйікті елдерімнің бірі – Қазақстанға оралғаныма өте қуаныштымын. Бұл шынымен де бірегей жер. Мұнда білім, отбасылық құндылықтар және технологиялар көрініс тапқан. Маған көптеген озық ойлы, табысты адамдар Қазақстанға өздеріне жар табу үшін баратынын айтады. Өкінішке қарай, мен мұндай мақсатпен келген жоқпын. Мен мұнда жасанды интеллект туралы сөйлесуге келдім», – деп қалжыңдады Павел Дуров форумның пленарлық отырысында.