Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ашуланды ма күйеулерің үндемей тұра тұрыңдаршы»: Төреғали Төреәлі қыз-келіншектерге кеңес айтты

«Ашуланды ма күйеулерің үндемей тұра тұрыңдаршы»: Төреғали Төреәлі қыз-келіншектерге кеңес айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Төреғали Төреәлі әйелдерді күйеулеріне үндемеуге шақырды.

Танымал хитмен Төреғали Төреәлінің анасы Аягөз ханым ел алдына шығып, жас отбасыларға кеңес берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Фариза Төреәлі анасынан сұхбат алды. 

“Бір күн ұрыс болса, үйіңізден қырық күн береке кетеді. Сол себепті әйел адам конфликтіден ұрыспаудың амалын жасауы керек. Біздің отбасымызда сенің әкең қатты кетіп жатса, мен үндемей қаламын. Үнемі ондай біз гармонияда өмір сүреміз, кереметпіз деп айта алмаймын. Ол әрбір отбасында болатын дүние. Өзіңді жерге ұрғандық емес. Өзіңнің отбасыңның құндылығы ғой. Жас қыз-келіншектерге айтарым: отбасы болғаннан кейін ондай ұрыс-керіс болып тұрады. Қазан-ошақ сылдырламай тұрмайды, деп айтып жатады ғой. Ашуланды ма күйеулерің үндемей тұра тұрыңдаршы. 10-15 минут үндемей отырыңдар. Нәтижесін көресіңдер", – деді Төреғали Төреәлінің анасы.

Анасының сөзін блогер Фариза толықтырды. 

«Әйел адам еркелесе жеңеді. Ұрыс пен жанжал сен қалаған нәтижеге алып келмейді. Керісінше, сенің денсаулығыңды ұрлайды, жүйкеңді жұқартады. Әйелдің даналығы –  еркелігінде, қулығында!», – деді блогер. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар