Қоғам
Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қайтарып алды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:44
- 40

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап өтініш түсірген Қайрат Боранбаев оны қайтарып алды.
Бизнесмен, «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беріп, кейін оны қайтарып алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, сотқа өтініш түсірген. 2 қазанда оның ісін Бостандық ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты қарады.
«Сот отырысы барысында сотталған өз өтінішін қайтарып алды. Осыған байланысты сот оны қараусыз қалдырды. Бұл – процессуалдық әрекет әрі сотталғанның заңды құқығы. Ол кез келген уақытта өтініш бере де, қайтарып ала да алады», – деп түсіндірді Алматы қалалық соты.