Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыдағы әскери бөлімде үшінші қабаттан секірген сарбаз ауруханаға түсті

Алматыдағы әскери бөлімде үшінші қабаттан секірген сарбаз ауруханаға түсті
nur.kz
Желіде Алматыдағы әскери бөлімде сарбаздың үшінші қабаттан секіріп, ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады.

Sputnik тілшісіне Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"4 қазанда 5571 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаз үшінші қабаттан секіріп кетті. Ол Алматы қаласының шұғыл медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді, қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Қызмет барысында дәріглерлер әскери қызметшіге "бейімделуінде ақауы бар" диагнозын қойған. Сарбаз әскерге шақырылмас бұрын жақын туысынан айырылған", - делінген хабарламада.

Ол әскери-дәрігерлік комиссияның шешімін күтіп жүрген болатын. Бұл комиссияның шешімі оның әскери қызметті одан әрі атқаруға жарамдылығын анықтайды.

Бейнебақылау камераларының жазбалары оқиғаға бөгде адамдардың араласуы болмағанын растады.

Қызметтік тексеріс тағайындалды, мән-жайы анықталуда.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар