Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында полиция қызметкері 77 жастағы әженің қабырғасын сындырды

Алматы облысында полиция қызметкері 77 жастағы әженің қабырғасын сындырды
Сурет: видеодан скриншот
Полиция зейнеткерді итеріп жіберіп, қабырғасын сындырды.

Желіде полиция қызметкерлері 77 жастағы әжеге жабылып жатқан видеосы тарады. Оның біреуі  зейнеткердің қабырғасын сындырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Автордың жазуынша, бұл 2 қазан күні Іле ауданы Өтеген Батыр кентінде болған. Видеодан полиция қызметкерлерінің зейнеткерге “Шығамыз, ештеңе алмайсыздар” деп пәтерден итеріп жатқанын көруге болады. 77 жастағы кейуана баспалдақтың қоршауына соғылған.

“Аудандық аурухана “айтарлықтай ештеңе болған жоқ” деп науқасты қабылдамай қойды. Әжені тексерместен ауырсынуды басатын дәрі егіп берді. Тексеру үшін қалалық ауруханаға бардық. Травматологиялық пункте қабырғасы сынғанын анықтады”, – деп жазды автор.

Белгілі болғандай, сот істеріне байланысты пәтерді прокуратура қызметкерлері жауып тастаған. Тұрғындар үйден шығарылу кезінде қажетті заттарын алып үлгермеген. Сөйтіп жылы киімдері мен керек дүниелерін алу үшін пәтерді ашуды сұраған. Сол сәтте полиция қызметкерлері оларға тездетуін сұрап, итеріп шығарған.

Болған жағдайға қатысты полиция түсініктеме берді.

“Әйел мемлекеттік органдар өкілдерінің заң талабына бағынудан бас тартқандықтан жанжал туындаған. Полиция қызметкерінің дөрекі әрекеті дұрыс емес. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалды, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Тексеру барысы менің жеке бақылауымда”, – деді Алматы облысы полиция департаментігінің басшысы Мейрам Абикеев.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар