Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дархан Мұсаев: "Есірткіге елтіп өнерді, тойды былғап жүргендерді құжатпен дәлелдеп беремін"

Дархан Мұсаев: "Есірткіге елтіп өнерді, тойды былғап жүргендерді құжатпен дәлелдеп беремін"
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі есірткі қолданатын өнер адамдарын халық алдына шығарып, бойкот жариялайтынын мәлімдеді.

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев ажырасу оқиғасына қатысты өз шындығын айтты. Алдағы уақытта халыққа оны деректі фильм ретінде көрсететінін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, фильмде аудио, видео және жазбалар арқылы дәлелдер ұсынылады. Мұндай жоба Қазақстанда алғаш рет жасалғалы отыр.

«Құрметті ағайын! Алдағы уақытта сіздердің назарларыңызға ыстық сұхбат ұсынылады. Онда бәрі нақты — аудио, видео, диктафон және WhatsApp жазбалары арқылы көрсетіледі. Бұл деректі фильмде ешқандай қосымша монтаж болмайды. Шынайы сезімнің дәлелі ретінде бәрі ашық беріледі», — деді актер.

Сонымен қатар, Дариға Бадықованы соңғы рет ажырасқан кезінде ғана көргенін айтты. Оның айыптауларына келіспейтінін де жеткізді.

«Халықтың, туған-туыстың, сыныптас пен әріптестің алдында бәрін ашық айтып, ел бағасын берсін. 16 жыл бойы сенің артыңды жасырып келген менмін. Соңғы рет сені 2024 жылдың 30 қазанында сотқа ажырасуға барған кезде көрдім. Ажырасып кеткеннен кейін мені асырадым деп айтыпсың. Егер рас болса, маған жіберген ақшаңның түбіртегін, чегін, қоңырау жазбасын көрсет. Кинода демеуші іздегенде мен ұйықтап жаттым дейсің бе? Егер солай болса, бірге барып ақша сұрағанымызды ел білмей ме?», — деді ол.

Бұдан басқа дархан Мұсаев есірткі қолданатын өнер адамдарын халық алдына шығаратынын басып айтты. 

«Есірткі затын қолданып халықтың алдына шығатын өнер адамдарына халық болып байкот жариялауымыз керек. Бұл зиян әркетпен қоғам мен халық болып бірігіп дер кезінде күреспесек арты кеш болады. Соның бірін жақын уақытта толық дәлелмен яғни, фото, видео және дәрігерлік анықтама мен растап жариялаймын. Сонымен қатар ол адамның жүзін де өзін де халық анық білу керек. Демек, оны той иесі тойына шақырар алдында беретін гонорарды халалға емес, есірткіге харамға жұмсайын деп отырғанын ұғуы керек», - деп жазды ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар