Алматыда алғашқы аяз күтіледі: еліміздің бірқатар өңірінде күн суытты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:52
- 107

"Қазгидромет" ауа райына байланысты ескерту жасады. 6 қазанға қараған түні аяз күтіледі, ал күндіз елдің бірнеше өңірінде жел күшейеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Алматы облысында, әсіресе Алматы мен Қонаев қалаларында алғашқы аяз күтіледі: топырақ бетінде минус екі градусқа дейін. Таулы аймақтарда тұман түседі. Өңір бойынша ескерту жарияланған.
Жетісу облысында түнде ауа температурасы минус 5 градусқа дейін, ал Талдықорғанда минус 7 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Алакөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Ескерту жарияланған.

Жамбыл облысында да ауа райы ұқсас: түнде кей жерлерде тұман және минус 3 градусқа дейін аяз, Таразда – шамамен минус 2 градус. Таулы жерлерде желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ескерту жарияланды.
Батыс өңірлерде де жел күшейеді: Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Бұл аймақтарда да ескерту жарияланған.
Солтүстік Қазақстан облысында синоптиктер таңертеңгі тұман мен салқын ауа райын болжайды.
Суық фронт елдің шығысы мен орталығынан жылжып келеді, ал алдағы күндері түнгі температура көп аймақта нөлден төмен түсуі мүмкін. Синоптиктер жүргізушілерге жолда мұқият болуды ескертеді.