Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Тым көкке көтермеу керек»: Самат Смақов Шерхан Қалмұрзаны көп мазаламауды сұрады

«Тым көкке көтермеу керек»: Самат Смақов Шерхан Қалмұрзаны көп мазаламауды сұрады
Сурет: фотоколлаж offside.kz
Самат Смақов журналистерден Шерхан Қалмұрзаны бағдарламаларға шақыра бермеуді сұрады.

«Жетісу» футбол клубының бас бапкері Самат Смақов журналистерден "Қайрат" футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаны көп мазалай бермеуді сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол Шерханмен өзі де сөйлескенін және оған бағдарламаларға бармау керектігін айтқан.

«Мен Шерханмен жиі сөйлесіп тұрамын. Оған БАҚ өкілдерімен көп байланыспау керектігін, «Қайырлы таң» деген сияқты шақыра беретін бағдарламаларға бармау керектігін айттым. Ол бар-жоғы 18 жаста. Журналистер ренжімесін, бірақ кезінде бір ойыншының түбіне де жеткен еді», - деді ол.

Айтуынша, кейбір спортшыларды журналистер тым асқақтатып, мақтап жіберген.

«Сейдахмет «Уфаға» ауысқанда, «Еркебұлан дәретханаға барды», «Еркебұлан кофе ішті», «Еркебұлан кока-кола сатып алды» деген сияқтыны топырлатты. Ал Сейдахмет әлі содан шыға алмай жүр.  Бұл әңгіме тек Шерхан Қалмырзаға қатысты емес, Азамат Тұяқбаев пен Дастан Сәтпаев та бар. Жас ойыншыларды тым көкке көтермеу керек. Олар әлі ештеңеге қол жеткізбеді. Бір-екі ойында-ақ мансабын бүлдіріп алуы мүмкін», – деді «Жетісу» бас бапкері», - деді бас бапкер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар