
Мемлекет басшысының Жарлығымен оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалған үкіметтің жаңа мүшесі Жұлдыз Сүлейменова Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында ант берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жігерім мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн", - деді министр.
Ұқсас жаңалықтар
Жандос Өмірәлиев Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 29 қыркүйек, 2025