Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Олжас Бектенов қоңырауға жауап беру үшін Үкімет отырысынан шығып кетті

Олжас Бектенов қоңырауға жауап беру үшін Үкімет отырысынан шығып кетті
Сурет: zhaikpress.kz
Премьер-министр Үкімет отырысында шығып кетті.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысынан аяқ асты шығып кетті  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысы сейсенбіде сағат 10.00-де басталды. Отырыстың басында Олжас Бектенов жаңа министр Жұлдыз Сүлейменованы таныстырды.

Премьер Сүлейменованы таныстырып жатқанда, үкіметтік байланыс телефонына қоңырау түсті. Олжас Бектенов қоңырауға жауап беріп, отырыс залынан шығып кеткен. Үкімет жұмысы ары қарай жалғасты. Отырысты вице-премьер Роман Скляр жүргізді. Ол трибунаға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы шақырды. Бүгін ол баяндама жасайды.

Олжас Бектенов отырыстың он екінші минутында қайта оралған.

Айта кетейік, мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Әдетте премьер-министр отырысты басынан аяғына дейін өзі өткізеді. Қоңырау маңызды болуы керек.  Мұндай кезде қоңырауды Президентпен немесе аса маңызды тұлғалармен сөйлесу үшін қолданылады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар