«Нанға ақшасы жоқ»: Дариға Бадықова бұрынғы күйеуіне қатысты шындықты жайып салды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:00
- 58

Танымал актриса Дариға Бадықова өз ақшасымен бұрынғы күйеуіне екі рет Меккеге жолдма алып бергенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл тулары журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты.
«Жер үйді салған кезде ақша жоқ. Қақпасы жоқ үйден кіріп-шығуға ұялатынмын. Бұйырғаны болады ғой, Құдай береді дейді. Сөйтсе, «Құдайы мен». Иә, жерді алды, бірақ үйді менің ақшама салдық. Бірақ мен үйді беріп кеттім. Мен неге осы уақытқа дейін ол кісінің газын, светін төлеп отырдым?! Театрда жүреді, бірақ маған рөл бермейді деп отырады. Рөл бермесе кетпейсің бе енді, дедім. Қолындағысын лақтырады, қирата салады. «Таптым-ау сені» киносын түсірмей жатып үйден кетіп қалған адаммын. Мен жүріп кеткен, көзіне шөп салып кеткен әйел болсам ол менен көк тиын алмайтын еді. Дүкеннен нан ала сал десең, ақша берсеңші дейді. Нанға ақшасы жоқ. Аузына Алланы алып «жертва» болмай-ақ қойсын. Меккеге жолдама алып берші деп алғызып алды. Меккеге миллион теңге бердім. Менің ақшаммен екі рет Меккеге барып келді», - дейді Дариға Бадықова.