«Эмоцияға беріліп кеттім»: Шығыс Қазақстандағы ауыл әкімі тұрындарға не себепті бейәдеп сөйлегенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:29
- 113

Шығыс Қазақстан облысының Шілікті ауылдық округінің әкімі өзінің бейәдеп сөздер айтқаны үшін ауыл тұрғындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Зайсан ауданының Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеухан жергілікті тұрғындармен кездесуде сөзге келіп, өз эмоциясын ұстай алмай қалған.
Әлеуметтік желіде таралған видеода, тұрғындар әкімнің тікелей жұмысына қатысты сұрақтар қойған. Бірақ сөз көтере алмаған шенеунік бірден ашуға ерік берген.
Оның бұл лауазымға келгеніне үш ай ғана болған. Әкімнің мәселесі Әдеп кеңесінде қаралады.
«Бейтаныс адамдар келіп, қоғамдық тыңдалымның өтуіне кедергі келтірді. Соның кесірінен қоғамдық тыңдалым бес сағатқа созылды. Сол кезде эмоцияға беріліп әдепсіз сөздер айтқаным үшін, Шілікті ауыл округінің халқынан кешірім сұраймын», - дейді Шілікті ауыл округінің әкімі Қуаныш Төлеухан.