Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өте ұят...»: журналист «мен әлем чемпионы атандым» деген Ардақ Назаровқа қатысты шындықты айтты

«Өте ұят...»: журналист «мен әлем чемпионы атандым» деген Ардақ Назаровқа қатысты шындықты айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Журналист депутат Ардақ Назаровқа қатысты жағдайды айтып, оның сөзін жоққа шығарды.

Депутат Ардақ Назаров сұхбаттарының бірінде “мен әлем чемпионы атандым” деген. Алайда бұған қатысты танымал спорт журналист Рауан Оқас шындықты жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, ол Ардақ Назаровтың Америкада өткен жекпе-жекте жеңілгенін алғаш жазған.

“Өте ұят. Америкада өткен жекпе-жекте жеңілгенін алғаш болып жазғандардың бірімін. Сол жекпе-жекте жеңдім деп фейсбукке пост салған. Кейін менің жазбамды оқып, менің телефон номерімді тауып хабарласып, кешірім сұрағаны бар. Фб парақшасын мен жүргізбеймін, бауырларым жүргізеді, солардың қателігі деп жылы жапқан әңгімені. Мына сұхбатымда екі рет тең түскенмін, қалғанында бәрін жеңдім деп тұр», - дейді журналист.


Ол депутаттың әртүрлі бағдарламаларға сұхбат беру арқылы танылғанын айтады.


«Ардақ ағамыз жеке ойым ешқандай да әлем чемпионы емес. Әртүрлі клубтар ол кезде белдіктер шығарып, соны сарапқа салатын. Ортаңқол спортшыны жеңіп, чемпионмен деп айтатын болған. Мысалға олай есептейтін болсақ, Қуат Найман 4 дүркін, Сабыржан Махметов 8 дүркін чемпион болады. Алғаш болып Американы бағындырдым дегені өте ұят, UFC болмаса да, орташа бір лигаға барып, контрактіге отырса бірсәрі. Бұл кісі виза алып, жертөледе 200-300 долларға төбелесіп келуі де мүмкін ғой. Ол кезде қазіргідей ютуб жоқ, әлеуметтік желілер дамымаған заман. Сондықтан ешқандай дәлел жоқ болған соң, қарапайым жұртшылық батыры кім, чемпионы кім екенін анықтай алмайтын. Ардақ Назар сол кезде хайп қуып, телеарналарға сұхбат беру арқылы танылды. Әйтпесе Ардақтан бұрын Дәнеш ағаларымыз болды ғой», - дейді ол.

Сонымен қатар, журналист кезінде Ардақ Назаровтың қасында жиналған спортшылардың көбі қазіргі кезде қара жұмысқа кетіп қалғанын айтады.

«Ардақ Назаров қасына талантты боецтерді жинады бір кездері. Бірақ олардың көбі сол күйі потенциалдарын толық аша алмай кетті. Басқа клубтардан сұраныс болса да, Ардақ оларды нықтап ұстады. Қазір көбі қара жұмыс істеп жүр. Тек өзінің туған бауыры Бейбітті батыр жасағысы келді. Өзі ұйымдастырған жекпе-жек кештерінің соңғы бойларына Бейбітті шығаратын. Оны да псевдо әлем чемпионы жасады. Алматыдағы бес раундқа созылуы тиіс жекпе-жекте інісі үшінші раундта есе жіберіп жатқанда, рефери жекпе-жек аяқталды деп, Бейбіттің қолын көтерген сәтті де шырылдап жазғаным бар», - дейді жуналист.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар