"7-20-25" бағдарламасына: қазақстандықтар енді ипотекаға қымбатырақ тұрғын үй рәсімдей алады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:46
- 28

Қазақстан Ұлттық банкі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін мәлімдеді. Енді қазақстандықтар қымбатырақ тұрғын үй сатып ала алады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бағдарламаға енгізілген өзгерістер бойынша:
- Астана, Алматы және олардың маңындағы аймақтарда, сондай-ақ Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 25 миллион теңгеден 30 миллион теңгеге дейін ұлғаяды;
- Қарағанды қаласы үшін шекті сома 20 миллионнан 25 миллион теңгеге дейін көтеріледі;
- Басқа өңірлер үшін бұл көрсеткіш 15 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін артады.
Сонымен қатар, енді қарыз алушылар төлем қабілеттілігін растау үшін бірлесіп қарыз алушылармен қатар кепілді де тартуға мүмкіндік алады. Қаулыға сәйкес, кредиттік өтінімді қарау кезінде қарыз алушының кірісі тоқтаусыз жүргені маңызды шарт болады.
«Бұл нормалар тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ ипотекалық несиелердің икемділігі мен қолжетімділігін кеңейту мақсатында енгізілді. Бағдарламаның қаулымен өзгертілмеген өзге шарттары мен талаптары өзгеріссіз қалады», – деп мәлімдеді Ұлттық банк.