Денсаулық
«4 млн теңге алған»: Астанада науқастарды алдаған дәрігерге сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:20
- 13

Астанада науқастарды алдап келген дәрігер сотталды.
Астанада 6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен кеткен емхана дәрігеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алаяқ дәрігер бұл қызметін жұмыс орнында ұсынған, алайда мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Ол алдап алған 4 млн теңгеден аса қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.
"Айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығын ескере отырып, ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілді", - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.