«Үш украиналық дрон»: Путин Әзербайжан ұшағының Ақтау маңында апатқа ұшырауына себеп болған жағдайды айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:37
- 65

9 қазанда Владимир Путин мен Ильхам Әлиев Душанбеде кездесті. Бұл президенттердің өткен жылы әзербайжандық ұшақ апатынан кейінгі алғашқы жүзбе-жүз кездесуі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 24.kz.-ге сілтеме жасап.
Ресей президентінің айтуына қарағанда, тергеу аяқталуға жақын және апаттың бірнеше себебі белгілі болған.
"Бірінші себебі Ресей шекарасынан өткен үш украиналық дрон. Екінші себеп — Ресейдің Әуе қорғанысы жүйесіндегі техникалық ақаулар. Ал ұшырылған екі зымыран лайнерге тікелей соққы жасаған жоқ. Олай болған жағдайда ұшақ сол сәтте жерге құлап, жарылатын еді. Бәлкім шамамен 10 метр жерде өзін өзі жою әрекеті іске қосылған. Зымырандардың сынықтары ұшаққа тиген. Сондықтан ұшқыш мұны құстармен соқтығысу ретінде қабылдады. Ол ресейлік диспетчерлерге осылай деді және мұның бәрі "қара жәшіктерде" жазылған", - дейді Владимир Путин.
25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі.
Бортта Әзербайжанның 42, Ресейдің 16, Қазақстанның алты, Қырғызстан үш азаматы болған.