«Қарашашқа да ауыр тиіп жатыр»: Дариға Бадықова асырап алған қызы туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 қазан, 2025
- 356
Актриса Дариға Бадықова бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың «арамызда бала жоқ» деп айтқан сөзіне жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтып берді.
"Ортамызда бала жоқ. Мен баланы тастап кететіндей көкек ана емеспін. Қарашаш мен өзім бауырыма алған қыз. Мен оған ерекше мейірімімді бердім. Қатарынан қалдырмадым, оқыттым. Дархан деген кісі Қарашаштың өмірін де ойламай айтып отыр. Қарашашқа да ауыр тиіп жатыр", – деді Бадықова.
Еске салсақ, Дархан Мұсаев қызын әпкесінен асырап алғанын айтқан болатын.
“Арамызда бала жоқ. Бір қызы бар деген – ол Дариғаның бір жас үлкен туған әпкесі бар, соның қызы. Соны 4-5 жасынан бастап асырап алған. Бауырымызға бастық. Бала бола алмау себебіміз екі жақтан да болды", – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Мұқасан Шахзадаев «Нұр-Мұқасан» тобының жас әншісін соққыға жықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қараша, 2025




