Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар екі ай бойы пойыз билеттерін 40 пайыз жеңілдікпен сатып ала алады

Қазақстандықтар екі ай бойы пойыз билеттерін 40 пайыз жеңілдікпен сатып ала алады
Сурет: rail-news.kz
Пойыз билеттерін жеңілдікпен алу мерзімі ұзартылды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне маусымдық жеңілдіктерді қысқа дейін ұзартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Жолаушылар тасымалы» компаниясының баспасөз қызметі.

«Жолаушылар тасымалы» теміржол билеттеріне арналған маусымдық жеңілдіктер мерзімін ұзартты. Енді қазақстандықтар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жеті бағыт бойынша билеттерді 40 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздарға арналған.

  • №9/10 «Астана – Алматы» пойызының отыратын орындарына — 40% жеңілдік (пойыз жөнелтілуіне 45–10 күн қалғанда алынған билеттерге);
  • №65/66 «Астана – Жезқазған» бағыты бойынша туристік вагондардағы купелік орындарға — 25% жеңілдік;
  • №67/68 «Астана – Өскемен» пойызының туристік вагондарындағы үстіңгі сөрелерге — 30% жеңілдік;
  • №77/78 «Алматы – Маңғыстау» бағытының купелік вагондарындағы үстіңгі орындарға — 25% жеңілдік;
  • №351/352 «Алматы – Өскемен» пойызының купелік вагондарындағы үстіңгі орындарға — 30% жеңілдік;
  • №691/692 «Атырау – Ақтөбе» бағытының купелік вагондарындағы үстіңгі орындарға — 20% жеңілдік.

Сонымен қатар күн сайын жүретін №11/12 «Алматы – Шымкент» пойызының туристік вагондарындағы купелік орындарға 25% жеңілдік қарастырылған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар