Қарағанды облысында 53 жастағы тұрғын бір үйір жылқыны атып тастаған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:17
- 56

Қарағанды облысында фермер егіс алқабына кіріп кеткен жылқылар табынын атып тастаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Вечерняя Караганда» басылымының жазуынша, оқиға 28 қыркүйекте Заречное ауылы маңында болған. Даланың ортасынан оқ іздері бар 17 жылқы табылған. Оның 14-і алған жарақатынан өліп қалған.
Куәгердің айтуынша, жергілікті фермер далада жылқыларды көлікпен қуып жүріп, жүріс үстінде атқан. Малынан айырылған ауыл тұрғындары енді істің «жабылып қалуынан» қорқады, өйткені күдікті – ауқатты адам, ірі жер иеленуші.
Өзгенің мүлкін әдейі жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Нұра ауданының 53 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Өзгенің мүлкі мен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын кез келген заңсыз әрекеттер қатаң түрде тоқтатылады», – деп атап өтті полиция өкілдері.