Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар деп айттым!»: Қуат Хамитов футболшыларды сынады

«10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар деп айттым!»: Қуат Хамитов футболшыларды сынады
Сурет: жеке архивінен
Қуат Хамитов отандық футболды сынап, жазба қалдырды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов 9 қазан күні сырт алаңда Андорра құрамасымен матч өткізіп, 1:0 есебімен есе жіберген Қазақстанның жастар құрамасын сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Осыдан кейін Хамитов kzsports сайтының instagram әлеуметті желідегі парақшасында футболшыларға қатысты сыни жазба қалдырды.

“Мен сіздерге 10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар деп айттым! Маған сенбедіңдер!” — деп жазған Қуат Хамитов.

Қуат Хамитов бұған дейін де отандық футболды бірнеше рет сынаған болатын.

Еске салсақ, 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде футболдан Қазақстан жастар құрамасы үш ойынның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген соң турнир кестесінің бесінші сатысына төмендеді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар