Қоғам
«Бала ауырғанда тек креон дәрісін бере берген»: Жамбыл облысында 6 жасар бала ауруханада көз жұмды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:19
- 39

Жамбыл облысында бірнеше күннен бері ауырған бала қайтыс болып кетті.
Жамбыл облысы Тұрар Рұсқұлов ауданы Құлан ауылында 6 жасар бала көз жұмды. Туыстары дәрігерлердің салғырттығын кінәлап отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы abdulla_kz_kz парақшасында жарияланды.
«Жолшыбек Али Еламанұлы 26.07.2019
жылы дүниене келген балапаннан айырылып
қалдық. Бала 29-шы Қыркүйектен бастап ауырады, участковыйға барғанымызда врач еш көмек көрсетпей үйге қайтарды.
Баланың апасы дәрігерге тізерлеп жалынып әрең 7-ші қазан күні ғана ауруханаға жатқызды. Бала ауруханаға жатқанмен диагноз қойылмаған, бала ауырғанда тек креон дәрісін бере берген. Бүгін 10 шы қазан баладан айырылып қалдық», деп жазды автор.
Жақындары баланың өліміне кінәлілер жауапқатартылуын талап етеді.
Келесі мақала