Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайда дәрігерді соққыға жыққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Қостанайда дәрігерді соққыға жыққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Сурет: Наша газета
Қостанайда дәрігерді жұдырықпен ұрған ер адам сотталды.

Қостанай облысында дәрігерді соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірген Абылайхан Сәрінжіповке қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Алау» басылымына сілтеме жасап.

 Басылымының мәліметінше, оған ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол сияқты ол моральдық зиян үшін екі миллион теңге және адвокат қызметі үшін 500 мың теңге өтеуі тиіс.

Тергеу барысында белгілі болғандай, оқиға болған күні Сәрінжіпов ауруханаға бүйрек ауруына байланысты жеткізілген. Біраз уақыт күткен соң оны дәрігер Кистанов қабылдаған. Алайда қабылдау кезінде екеуінің арасында сөзталас туындап, науқас дәрігердің ауыз тұсына жұдырықпен соққы жасаған. Соққыдан Кистанов жерге құлап, басымен қабырғаға соғылған. Салдарынан дәрігер ауыр халде жансақтау бөліміне түскен болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар