Басты жаңалықтар
Қостанайдан ұшпақ болған Qazaq Air ұшағының дөңгелегі жанып кетті
- автор kyn.kz
- Бүгін, 12:23
- 1

Дөңгелек өртінен зардап шеккендер жоқ.
Qazaq Air бортындағы жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылады, деп хабарлайды KYN.KZ интернет порталы Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Қостанай-Астана бағыты бойынша Qazaq Air әуе компаниясының рейсіндегі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін саладағы ережелерге сәйкес арнайы комиссия құрылады, - делінген хабарламада.
11 қазанда Qazaq Air ұшағының шассиі маңында ұшқын байқалды. Экипаж қауіпсіздік мақсатында ұшуды тоқтату туралы шешім қабылдаған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.