Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Qazaq Air компаниясының ұшқыштары басшылықтан жалақыларын көтеруді талап етті

Qazaq Air компаниясының ұшқыштары басшылықтан жалақыларын көтеруді талап етті
Сурет: tirazh.kz
Qazaq Air ұшқыштары компания басшылығына үндеу жолдады.

Qazaq Air әуе компаниясының ұшқыштары компания басшылығына үндеу жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ұшқыштар басшылыққа бірнеше талап қойып, өтініш жолдаған. Бұл туралы көлік министрлігінің мәлімдеді.

Олар түнгі рейстер үшін төлем тәртібін қайта қарау және командирлер мен екінші ұшқыштардың жалақысын арттыруды талап еткен. Одан басқа әуеде өткізілген сағаттарға төленетін ақы мөлшерін көбейтуді де сұраған. Барлық пилоттар үшін төлемді арттыруды талап еткен.

"Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді", - делінген Көлік министрлігінің хабарламсында.

Ведомство өкілдерінің жазуынша, Qazaq Air әуе компаниясының 49 %- ы Sovico тобына, тағы 49% -ы Самұрық Қазынаға, ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар