Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Енді тұрмыс құрмаймын!»: Мөлдір Әуелбекова шешімге келгенін айтты

«Енді тұрмыс құрмаймын!»: Мөлдір Әуелбекова шешімге келгенін айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жазба жариялады.

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова енді тұрмысқа шықпайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ойын желідегі парақшасында бөлісті.

“Ғажайып кештен естелік! Осы кеште, Айман Нұразхан әпкеме қарап отырып, әдемі шешімге келдім: “Енді тұрмыс құрмаймын! Екі балам да өсіп қалды!", – деп жазды ол.

 Сондай-ақ, Мөлдір Әуелбекова қызының кейін өнер адамы болуына қарсы емес екенін жеткізді.

"Ақ қызым “әнші боламын” дейді. О бастан қарсы болғанмын. Бірақ, уақыт өте келе дауысын естіген сайын, харизмасы мен талантын сезген сайын көніп жатырмын. Себебі қабілеті менен 1000 есе артық! Менімен қалмай жұмысқа барады", – дейді әнші.

Алайда желі қолданушылары әншінің бұл ойына келіспеушіліктерін жазуда. Олар болашақта шешімі өзгеруі мүмкін екенін айтты.

“Аллам ойыңды өзгертетін мықты азамат жолықсын", "Дұрыс баяғыда солай жасау керек еді", "Тұрмысқа шығу керек, жап-жассыз ғой әлі, әр әйел бақытты болуға жаралған", "Ойыңды 360 градусқа өзгертіп жіберетін нағыз ер адам жолықса тұрмысқа қалай шығып кеткеніңді білмей қаласың", "Мөлдір айналайын олай кесіп айтпа, Алла біледі" деп жазды олар. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар