Қоғам
Қазақстанда дәрігерлерді ұрып-соққандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:44
- 48

Қазақстанда дәрігерлерге қол жұмсағандар бірнеше жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев дәрігерлерді ұрып-соққандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің сөзінше, ведомство заң жобасын күздің соңына дейін қабылданады деген болжам бар.
«Біріншіден, медицина қызметкерлеріне олардың кәсіби міндеттерін орындау кезінде шабуыл жасау бойынша жеке бап енеді. Екіншіден, жаза қатаңдайды, айыппұл мөлшерінен бастап бас бостандығынан айыру мерзіміне дейін жаза күшейеді», – деді Сұлтанғазиев.
Ол атап өткендей, медицина қызметкерін ауыр жаралағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.