
Астанада бағанаға соғылған автобустың суреттері желіде тарады.
Әлеуметтік желіде Астанада жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанға соғылған кадрлар жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға Тәшенов көшесінде болды. Астана қалалық Полиция департаменті Аzattyq-ruhy ақпарат агенттігінің тілшісіне болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Yutong» маркалы қоғамдық көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол белгісі мен көше жарығының бағанасына соғылған. Соқтығыс салдарынан бағана құлап, қасында тұрған жарнамалық тақтаға түскен», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Полицияның мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіліп жатыр.