Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе облысында оқушы босанып қалды: ДСМ скрининг қатарына акшер-гинекологты енгізбек

Ақтөбе облысында оқушы босанып қалды: ДСМ скрининг қатарына акшер-гинекологты енгізбек
Сурет: oxu.az
Денсаулық сақтау министрі Ақтөбе облысында қыздың жүкті екенін байқамаған дәрігерлерге қатысты айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбе облысындағы оқушы қыздың жүкті екенін дер кезінде байқамаған дәрігерлерге қатысты түсініктеме берді. Жасөспірім медициналық тексерістен үш мәрте өткенімен, акушер-гинекологтың қабылдауында болмаған дейді жауаптылар, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ойыл ауылындағы оқушының жүкті екенін толғағы қысып ауруханаға түскенде ғана білген. Концерттерде би билеп, дене шынықтыру сабағында секіріп ойнап жүрген жасөсіпірімнің ішін байқамаған ұстаздары да, одан қалды тексерген дәрігерлер де өзіне шаң жуытпай отыр. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары скринингтен өткен кезде тек көз, құлақ пен ауыз қуысын ғана қарайды дейді. Енді сол скрининг қатарына акушер-гинекологтарды да енгізбек. Олар тек жоғары сынып оқушыларына ғана кеңес беріп отырады. Ал жас босанған оқушы облыс орталығына жеткізіліп, ол ауруханада жатыр. Ұл босанған. Бейресми мәлімет бойынша, өгей атасы оны екі жыл бойы зорлап келген көрінеді. Қазір 60‑тан асқан күдікті тергеліп жатыр.

«Наурыз айының басында скринингтен өткен. Ол кезде жүктіліктің өте ерте кезеңі болған. Мұны байқау қиын. Оның үстіне скрининг кезінде акушер-гинеколог қарастырылмаған. Офтальмолог, лор маманы ғана бар. Бұл жағдайда не ата-анасы, не жақындары, не мұғалімдері білмеген. Гинекологтың тексеруін енгізу мәселесін қарап жатырмыз. Жоғары сыныптарда акушер-гинеколог қабылдауын енгізуіміз мүмкін», - дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Тимур Сұлтанғазиев.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар