Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«9 жасар бала бұтын шешіп, үстіне шығып алады»: Алматы облысында ата-аналар жетім қызды қорлаған оқушыларды мектептен шығаруды талап етті

«9 жасар бала бұтын шешіп, үстіне шығып алады»: Алматы облысында ата-аналар жетім қызды қорлаған оқушыларды мектептен шығаруды талап етті
Сурет: видеодан скриншот
Алматы облысында жасөспірімдер жетім қызды қорлады.

Алматы облысы, Қарғалы ауылының ата-аналары мектеп оқушыларының азғындық әрекетін айтып, дабыл қақты. 8 жасөспірім 7 сыныпта оқитын жетім қызды үйлеріне кіргізіп, шалбарын түгел шешіп қорлаған. Озбырлыққа барғандардың арасында бойжеткендер де, тіпті 9 жасар бала да жүрген дейді ата-аналар, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ата-аналар жасөспірімдер қызды қорлап жатқанда болған жағдайды әлдекімнің телефонға түсіріп тұрғанына сенімді. Олар жасөспірімдердің жазаланып, мектептен қуылуын талап етіп отыр.

“Жалаңаш қыздың үстіне бірінші сонда жүрген тағы бір қыз мінеді. Ол түскен соң орнына 9 жастағы ер бала бұтын шешіп, жәбірленушінің үстіне шығып алады. Зорлаған-зорламағаны белгісіз, видеода көрінбейді. Бұл сұмдықтың бәрін бір қыз түсіріп, кейін оны әлеуметтік желіде бәзбіреуге сатқан”, – дейді ата-аналардың бірі Кристин Олшевская.

Тағы бір ата-ана түсірілген видеоны Ресейден келген адамға сатқан және видеоны қыз тапсырыспен түсіргенін айтады.

“Шамамен 45 мың теңге жиналған. Ол қыз менің ұлымды "Ұстаздар күніне сыйлық аламыз" деп алдап, ақшаның бәрін соның нөміріне аудартыпты. Бұл озбырлыққа барған оқушылар біздің де балаларға қауіпті”, – дейді ата-ана Зайнура Баратова.

Ата-аналар жетім қызға қорлық көрсеткен жеткіншектерді басқа мектепке ауыстыруды талап етеді. Тіпті ауылдан көшсін дейді. Ал жәбірленушінің қамқоршысы бой көрсетпеді. Айта кетсек, қыркүйекте болған сұмдықты мектеп жуырда білген. Жағаұстатарлық жағдай полицияға екі күн бұрын ғана хабарланыпты.

“Жауапкершіліктен ешқандай бас тартпаймыз. Бірақ бұл оқиға қараусыздықтан болған деп есептейміз. Ешқандай жасыру, басқа ештеңе жасаған жоқпын. Енді құзырлы органдар әділетті шешім шығарады деп сенемін”, – дейді  №3 Қарғалы орта мектебінің директоры Гүлзара Сераджинова.

Жеткіншектердің азғындығына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Директордың сөзіне сенсек, қорлық көрген қызға сараптама тағайындалған. Қазір анықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Еске салсақ, осыған дейін Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында жасөспірімдер мектеп оқушысын қорлап, оны видеоға түсіргені туралы жазған едік.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар