Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұшақ теңізге құлады: екі адам қаза тапты

Ұшақ теңізге құлады: екі адам қаза тапты
Сурет: Reuters
Гонконг әуежайында ұшақ көлікке соғылып, теңізге құлады.

Гонконг әуежайында таңертең Emirates SkyCargo әуе компаниясының жүк таситын Boeing 747-400 ұшағы Оңтүстік Қытай теңізіне құлады. Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі SCMP-ге сілтеме жасап.

Ұшақ көлікпен соқтығысып, теңізге құлаған. Әуежайдың солтүстік ұшып-қону жолағынан шығып кеткен.

Полиция мәліметінше, оқыс жайт қонуға келе жатқан кезде болған. Құқық қорғау органдары ұшақ жердегі көлікпен соқтығысты деген нұсқаны да айтып отыр.

Ұшақ уақытында тоқтай алмай, әуежайдың солтүстік ұшып-қону жолағына жақын маңдағы суға жартылай қонған.

Сондай-ақ, көліктің де суға кеткен. Көліктегі екі адам із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланды. Кейіннен біреуінің денесі судан шығарылып, екіншісі ауруханаға жеткізілген. Ол сол жерде қайтыс болды.

Экипаждың төрт мүшесі де зардап шекпеген.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар